Торайғыров университетінің студенттері «Туризм» және «География» бағыты бойынша өткен «Туризм, алға!» олимпиадасының жеңімпаздары атанды.

Жарыс төрт бағыт бойынша өтті: таныстыру, brain–ring,  «Ертістің Павлодар өңірін көру - Қазақстанға ғашық болу» туристік жобалары, «Туристік калейдоскоп» шығармашылық байқауы.

Аяулым Абельдинова, Марал Қайрлы, Даурен Шарипов, Лаура Смагулова, Малика Джанаргалиева «Voyage» командасын құрып,  экскурсиялық жобаларын ұсынды. Қазылар алқасы өз бағаларын берді.

Жарыс қорытындысы бойынша бұл топ үздік атанды. Құрама бағалы сыйлықтар, сертификаттарға ие болды.