Торайғыров университетінде 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, салықтық заңнамаға енгізілетін жаңашылдықтар талқыланды.

Павлодар облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері Галина Бирюкова мен Олжас Беисов  «e-SalyqBusiness» және «e-SalyqAzamat» мобильді қосымшаларын таныстырды. Негізгі артықшылықтарының қатарында онлайн-броньдау, жер, көлік және мүліктік салықты есептеу калькуляторы бар.

«Е-SalyqAzamat» қосымшасының көмегімен салықтық әмиянды қарап, қарыздарды өтеуге болады. Сонымен қатар, салықтық күнтізбені пайдалануға болады.  «Е-Salyqbusiness» мобильді қосымшасы салық төлеуші үшін автоматты түрде есептеу жүргізеді.

«Қаржы және есеп» кафедрасы Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен бірге қос қосымшаға тіркеліп, ортақ жоспар құруға уағдаласты.