«Торайғыров университеті» КЕАҚ Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстық комиссияның 2026 жылғы 14 тамыздағы шешімдерінің нәтижелері
Результат конкурса от 14.08.2026.pdf
«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 140008, Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64, телефон (8-7182) 67-36-65, бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
Директор: Үздіксіз білім беру институты – 1 жүктеме.
Қызметінің мәні – университеттің үздіксіз білім беру жүйесін дамытуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшенің қызметіне басшылық жасау, қызметкерлерге арналған қосымша білім беру, біліктілікті арттыру, кәсіптік қайта даярлау, қысқа мерзімді білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру және іске асыру, сондай-ақ білім беру қызметтері нарығында университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:
- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- білім беру ұйымдарында немесе білім беруді басқару органдарында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
- Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасын, «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарын білу.
Факультет деканы: Сәулет және құрылыс факультеті – 1 жүктеме.
Кафедра меңгерушісі: «География және туризм» - 1 жүктеме, «Құқықтану» - 1 жүктеме.
Кафедра қауымдастырылған профессоры (доценті): «Биотехнология» – 1 жүктеме, «Металлургия» - 1 жүктеме.
Кафедра оқытушысы (ассистенті): «Журналистика» – 2 жүктеме.
Профессор-оқытушылар құрамының (ПОҚ) лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш береді.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын растайтын құжаттары (тексеру үшін түпнұсқа);
2) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (075/у нысаны бойынша медициналық анықтама);
3) жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері;
4) тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары) біліктілікті арттыру курстары оқытылатын пәндерге сәйкес болуы тиіс, өту кезеңі үш жылдан аспауы тиіс;
6) соңғы 5 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің тізімі, ғылыми хатшы куәландырған;
7) Жұмыс жоспары (университеттің даму бағдарламасының тармағына сәйкес), оқытушының 3 жылға арналған жұмыс жоспарының үлгісі оқытушының жеке кабинетінде орналастырылады, ал университет қызметкерлері болып табылмайтын үміткерлерге «Бос орындар» бөлімінде тіркеледі;
8) Мәлімделген кафедраларға кафедра меңгерушісінің, факультет деканының қолдаухаты;
9) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы оның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (анықтама).
Конкурсқа қатысуға арналған құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2026 жылғы 27 тамыз (сағат 18.00-ге дейін).
Құжаттар жоғарыда көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда, электрондық нұсқасы сайт арқылы, ал қағаз нұсқасы ПДҚ бөлімінде қабылданады.
1. https://tou.edu.kz/ru/ сайтында мәзірден оқытушылар конкурсын таңдау (жоғарғы оң жақ бұрыш);
2. Өтінім;
3. Деректерді толтыру (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
4. Деректерді сақтау;
5. Деректерді сақталғаннан кейін білім беру саласындағы нормативтік актілерді білу бойынша онлайн режимде тестілеуден өту;
6. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің жарияланым бедері бар тізімі (мұқабасы, шығыс деректері, мақала мәтіні, мазмұны) Ғылыми қызмет департаменті директорының қолымен рәсімделуі тиіс. Жарияланымдар тізімін ҒЗЖ бөліміне белгіленген мерзімде, 2026 жылғы 27 тамыз сағат 18:00-ге дейін тапсыру қажет.
7. Конкурстық комиссия Төрағасының атына үлгі бойынша өтініш жазу, құжаттарды қоса беру.
26.10.2020 жылғы № 2 хаттамамен бекітілген, өзгерістермен толықтырылған (27.08.2025 ж.
№ 2 хаттама) «Торайғыров университеті» КЕАҚ ПОҚ лауазымдарына конкурстық орналасу ережесінің 6.12-тармағына сәйкес Конкурстық процедураларының қорытындысы университеттің ресми порталында орналасады https://tou.edu.kz/ru/.
Жоғарыда көрсетілген ереженің 2-1-тармағына сәйкес «Кандидаттар конкурстық комиссияның отырысына онлайн режимде қатысуға құқылы».
Жоғарыда көрсетілген ереженің 7.2-тармағына сәйкес «Конкурс қорытындылары жарияланған сәттен бастап «Комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымдана алады».
Персоналды дамытуды қолдау бөліміне мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7182)67-36-65 (ішкі. 11-81, 11-87)
Конкурсқа қатысуға арналған өтініштің үлгісі.docx
Образец заявления для участия в конкурсе.docx
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасына сәйкес (14.08.2026 ж. шығ. № 5-11-01-10/5294-И), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық туралы хабарлайтын тұлғаларды қорғау тетіктеріне зерттеу жүргізуде. Осыған байланысты қысқа әрі анонимді сауалнамадан өтуіңізді сұраймыз.
Сауалнама сілтемесі: https://forms.gle/XYbhcjnj2y4Zs2DR9
Өту уақыты: 3–5 минуттан аспайды.
Құпиялылық: сауалнама толығымен анонимді, дербес деректер сұралмайды.
Запрос ГО_защита рус.docx
Запрос ГО_защита каз.docx