С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Туған жер – алтың бесігім» көрмесі ұйымдастырылды.

Шараны ПМУ-дің музей кешені ұйымдастырды.

Сәулет және дизайн кафедрасының онға жуық қолөнер шебері мен суретшілері шығармаларын ұсынды.

Вернисаждың тұсауын кескен университет ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова кескіндеме, музыка, поэзия – көпқырлы өміріміздің бір бөлігі екенін айтып, өнерді түсіну және қабылдау міндеттердің бірі екенін тілге тиек етті.

«Университет студенттері мен әріптестеріміз туындылардың авторларын таниды. Біз қылқалам шеберлерін дарын иелері мен шығармашылық десе ішер асын жерге қояр жандар деп білеміз. Жастарға қанат бітіретіндер де – біздің педагогтар», - дейді көрме кураторы, пед.ғ.к. профессор Сәуле Әбішева.

Көрмеге қойылған туындылардың басым бөлігі туған өлкенің табиғатын арқау еткен. Сюжетті-тақырыптық картиналар да жетерлік. Өнерсүйер қауым ағаштан және инновациялық технологиялардың көмегімен шыныдан жасалған декоративті-қолданбалы өнер бұйымдарымен танысты.

Еске салсақ, көрме желтоқсан айының соңына дейін жұмыс істейді.