8 қарашада С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын төртінші курс студенттерімен кездесті.
Шара барысында студенттерді жұмыспен қамту, түрлі бағыттар бойынша тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру тақырыптары қаралды. Жастар мазалаған сұрақтарын қойды.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова ПМУ өңірді дамыту мәселелері төңірегінде бірлесіп жұмыс атқарудың жаңа форматтары мен диалог алаңына ашық екенін айтты.
«Қазіргі таңда көптеген салаларды кадр тапшылығы байқалады, ал университет түлектері түрлі себептерге орай аудандарға барғысы келмейді. Біз бұл мәселені кезең-кезеңмен шешу керекпіз, сонымен қатар, аудандарға маман тапшылығын жою бойынша қолдау көрсетуіміз керек», - дейді Гаухар Ғалымқызы.
Қаршыға Арынов Ақтоғай ауданының ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Бүгінде өңірде білім беру, энергетика салаларында мамандар тапшы. Аудан әкімі аймақта жас мамадарды ауылға тарту мақсатында инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
«Бұл күрделі тапсырма екені түсінікті. Мен және әріптестерім ПМУ түлектерін өндіріс ошақтарында еңбек еткенін қалайды. Ақтоғай ауданы өз идеяларымен мақтана алады. Ауданда бірнеше ілкімді жоба бар, оларды жүзеге асыру үшін білікті мамандар қажет. Жаңа инновациялық жобаларды талқылау керек. ПМУ-де идеяларын іс жүзінде іске асыратын ақылды жастар көп», - дейді Қ. Арынов.
Кездесуден кейін С. Торайғыров атындағы ПМУ мен Ақтоғай ауданының әкімдігі арасында меморандумға қол қойылды.
Еске сала кетсек, Қаршыға Арынов - университетке келген алғашқы аудан әкімі. Осы тектес шаралар жалғаса бермек.