С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Мені шыңдаған Серпін» атты республикалық кәсіби шеберлік байқауы басталды.

Шара ҚР Білім және ғылым министрлігі академиялық мобильділік және Болон үрдісі Орталығының мұрындық болуымен өтті. Мақсат – жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау, біліктілі пен кәсіби даярлықтың деңгейін көтеру, сонымен қатар, «Серпін» бағдарламасының қатысушылары арасында үздік маманды анықтау.

Байқауда білімдері мен шеберліктерін көрсетуге еліміздің 20 ЖОО мен колледждерінің 3-4 курс студенттері бас қосты. Олардың барлығы - «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін – 2050» жобасының қатысушылары.

Жарыстар 10 мамандық бойынша, оның ішінде радиотехника және электроника, құрал жасау және ақпараттық жүйелер, сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы бойынша өтті.

Байрақты бәсеке барысында студенттер мамандықтары бойынша баяндап, әзірлеген жобаларын таныстырады.

Байқау қорытындысы 31 қазанда шығарылады.

Еске сала кетсек, ПМУ-де еліміздің бес облысынан келген 549 студент 20 мамандық бойынша білім алады.