С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері бизнес-симуляция форматында өткен KAS ZHASTAR қатысты.

Шара «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның жастар Кеңесінің ұйымдастыруымен өтті.

Бизнес-симуляция – өзара байланыс заңдарын барынша шынайы көрсететін арнайы ойын моделі. Оның мақсаты – қатысушыларға сәйкес дағдыларды меңгеруге көмектесу. Бұл форматта өткен форумда жастар өздерін кәсіпорынның бір бөлігі ретінде сезінді.

Әр студентке белгілі бір міндеттер жүктеді. Олар капитандар мен қазынашылардың таңдап, шикізатты сату-сатып алу келісімшарттарын жасады.

Форум «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ кәсіпорнының жетекшілігімен өткен «галстуксыз» кездесумен тәмамдалды. Жиынға өндіріс ошағының президенті Андрей Батраченко мен ұжым жөніндегі вице-президент Ринат Калдашов қатысты.

Шара барысында жетекшілер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Форум қатысушыларына сыйлықтар мен сертификаттар табысталды.