С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекттік университетінде мемлекеттік тіл білгірлерінің өзге ұлт жастары арасында «Тіл - парасат» атты облыстық байқау өтті. Шара Павлодар облысының 80 жылдығы мен Астананың 20 жылдық мерейтойына арналды.

Байқаудың мақсаты – жастарды қазақ тілін оқуға ынталандыру, мемлекеттік тілдіңқолданыс аясын кеңейту, сонымен қатар, тіл мәдениеті мен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Шараға 17-22 жас аралығындағы аудандық және қалалық байқаулардың жеңімпаздары қатысты.

Байқау бірнеше кезең бойынша өтті. Қатысушылар ауызша тұсаукесер әзірлеп, «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмаларын орындады. Сонымен қатар, ұсынылған тақырыптар бойынша мемлекеттік тілде эссе жазды.

Конкурс қорытындысы бойынша Павлодар көлік және коммуникация колледжінің студенті Марина Харчук жеңіске жетті. Студент республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды.

Екінші орынға Павлодар көлік және коммуника колледжінің білім алушысы Виолетта Буранбаева ие болды.

Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенті Берта Дебрецени үшінші орын тұғырынан көрінді.