С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетітің студенттері «Достық палитрасы» ұлттық мәдениеттер фестивлаль-байқауының жүлдегерлері атанды.

Фестиваль Алтай мемлекеттік мәдениет институтында ІІ-ші «Еуразия аймағының мәдениеті» халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум шеңберінде өтті. Шара Үндістан, Қытай, Ресей, Қазақстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Польша және өзге де мемлекеттердің 20-ден астам мәдени бірлестіктің шығармашылық ұжымдарының басын қосты.

Фестивальге халық әндері мен билерінің орындаушылары, сонымен қатар, қолданбалы өнер және ұлттық өнер шеберлері қатысты.

«Вокалды-хор орындаушылығы» аталымы бойынша университеттің орындаушылық өнер кафедрасының студенттері қауымдастырылған профессор Унзила Негманованың жетекшілігімен бірнеше жүлделі орынға ие болды.

Нақтырақ айтқанда, Естайдың «Құсни-Қорлан» әнін орындаған Мөлдір Майбас пен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаған Озат Гүлсипат бірінші орын тұғырынан көрінді. «Балқадиша» әнін тамылжыта шырқаған

Айжарқын Жакенова екінші орынға ие болды.

Ерназ Жүнісовтің орындауынағы ән үшінші орынға лайық деп танылды.