Университет қабырғасында «Мақаланы қалай дұрыс жазу керек: мақаланы жазудан басылымға дейінгі рәсімдеу» атты семинар өтті.

Университеттің ғылым және инновация департаменті ұйытқы болған семинарды «Орталық Азиялық аймағындағы елдер ғылымының әлемдік кеңістіктегі ықпалдастығы» халықаралық форумының қатысушысы, PhD доктор, «Металлургия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Салтанат Кенбеилова өткізді. Семинар Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары мен магистранттарының басын қосты. 

Дәріскер мақалалардың журналдарда жариялануы мен Web of Science және Scopus базасына кіретін халықаралық индекстегі сілтемелерін арттыру мәселелерін талқылады. Қатысушыларға берілген материалдың құрылымдық талабына, көлеміне, сілтемелік қайнар көзі және мазмұндық логикасына қатысты бірқатар кеңестер берілді. 

– Кездесу барысында дәріскер әзірге қажет емес, алайда кейін құндылығы арта түсетін ақпаратты қалай бірден қолдануға болатыны турасында нақты тәжірибелік кеңестер беруден аянып қалмады. Семинар қатысушылары бір-бірімен тәжірибе алмасып, әріптестік  ақыл-кеңестерімен бөлісті. Бір ұжымда қызмет ететін  әріптестер ақпараттарын өзара ортаға салды, – деді ғылыми-әдістемелік және патенттік-лицензиялық бөлімінің бастығы Гүлнұр Сүлейменова.