С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне жұмыс сапармен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев келді.

С. Торайғыров атындағы ПМУ даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Арман Ақышев құрметті қонаққа университет қабырғасында жуырда ашылған өңірлік стартап академиясымен және кәсіпкерлік университет ретіндегі оқу орда трендтерімен таныстырды. 

Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің деканы Тахир Эрназаров академия жұмысымен Тахир Балықбаевты егжей-тегжейлі қанық етті. 

Стартапшылар өздерінің бизнес-моделдерін ұсынды. Сондай-ақ, олар С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті командасының Торонто қаласында (Канада) өтетін әлемдік Enactus 2016 кубогында Қазақстанның намысын қорғайтыны туралы баяндап берді. 

Бұдан өзге, Тахир Оспанұлы жаңа 500 орындық студенттік жатахана тұрмысымен де таныс болды.