С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Когнитивтік лингвистика және концептуалды зерттеулер» тақырыбында халықаралық қысқы ғылыми мектеп өтті.
Семинар жұмысына С. Торайғыров атындағы ПМУ профессорлық-оқытушылар құрамы, Павлодар, Семей, Петропавл, Қарағанды және еліміздің т.б. қалаларындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.
Қатысушыларға шетелдік ғалымдар: Жоғары мектеп Сібір ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, құрметті доктор, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету әскери академиясының профессоры Марина Пименова (Санкт-Петербор қ., РФ), П.М. Машеров атындағы Витебск мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Валентина Маслова (Витебск қ., Беларус) дәріс оқыды.
Ғылыми мектептің ұйымдастырушысы, С. Торайғыров атындағы ПМУ көптілді білім беру орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жанарсын Капенованың айтуынша, шараның мақсаты шетелдік белгілі филолог ғалымдармен тәжірбие алмасу, когнитивті және концептуалды зерттеулер аясында заманауи лингвистикадағы өзекті мәселелерді талқылау болды.
Семинар жұмысын «Қазақстан Республикасындағы көптілділік: білім беру үрдісіндегі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің рөлі» тақырыбына арқау болған дөңгелек үстел қорытындылады.
Марина Пименованың пікірінше, мазмұнды баяндамалар, қатысушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы биылғы семинардың өте қызықты да танымды өтіп жатқанын айғақтайды.
«Павлодар мемлекеттік университеті мен үшін туған оқу ордам саналады десем, еш қателеспеймін. Мен мұнда келгенімде туған адамдарың жүздерін көріп, қуанамын. Кездесуіміздің дәстүрлі тақырыбы – «Когнитивті лингвистика және концептуалды зерттеулер». Ал С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университеті арасындағы серіктестік болашақта да жалғасын таба бермек. Мәселен, қос дипломды білім алу бойынша осы екі университеттердің дипломдары берілу көзделуде. Мен Павлодардың жарық жұлдыздай жарқырай түсетінініе сенемін, – деді Марина Владимировна.