«Жастар саясаты туралы жаңа заңның енгізілуі мен кезектен тыс Президент сайлауы – еліміздің ары қарай дамуының бір жаңа серпілісі» атты форумында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің белсенді студенттері «Жастар саясаты туралы» жаңа заңды және ҚР Президентін кезектен тыс президенттікке сайлау жұмыстарына қолдауға шақырды.
Форумға С.Торайғыров атындағы ПМУ жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Ақбота Сарыбай, С.Торайғыров атындағы ПМУ әлеуметтік-еріктілер орталығының төрайымы Наталья Ульченко, С.Торайғыров атындағы ПМУ «Насихат» саяси-құқықтық клубының төрағасы Бексұлтан Кабышев және «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі Жаңыл Саттарова қатысты. Форум барысында қатысушылар жаңадан қабылданған заң туралы талқылап, оның жаңа баптары турасында көпшілік жастар қауымына түсіндірді.
«Жастар саясаты туралы жаңа заң» атты баяндаманы оқыған Сарыбай Ақбота өз сөзінде мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары, жастардың әлеуметтік құқықтары мен саяси құқықтары және бостандықтары, жастардың еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепiлдіктерi, олардың тұрғын үй және басқа да жастардың өзекті мәселелерін шешуге жауап іздеді.
«Еріктілер қозғалысы» тақырыбында баяндама оқыған Наталья Ульченко: «Біздің келешегіміз – жастар. Жастардың қоғам қалыптасуында маңызды рөлi бар. Еріктілер қозғалысы – бұл студенттердi әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан тәрбиелеуге, отаншылдыққа, көшбасшылыққа баулиды. Мақсатымыз – жастардың күш-жігерін, олардың ақыл-ойын дұрыс арнаға бұру, соған ықпал ету», – деді.
С.Торайғыров атындағы ПМУ «Насихат» саяси-құқықтық клубының төрағасы Бексұлтан Кабышев: «ҚР Президентінің кезектен тыс президенттік сайлау – экономикалық дағдарыстан шығудың бір жолы», – деп оның бірнеше тиімді жақтарын нанымды жеткізді. Өз баяндамасында ол уақыттан тыс сайлауды қолдайтынын айтып, барша жастарды да Елбасын қолдауға шақырды.
«Жаңа «Жастар саясаты туралы» заңның жүзеге асыру мәселелері» атты тақырыпта сөз алған Жаңыл Саттарова бүгінгі күндегі жастардың өзекті деген мәселелеріне тоқталып, оны шешудің жолдарын айтты. Бүгінгі таңда елімізде жастарды қолдауға бағытталып жатқан мемлекеттік бағдарламалар жайлы да сөз етті.
Павлодар мемлекеттік университетінің белсенді студенттері жастар саясаты жөнінде өз ойларын айтып, өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісті. Форум соңында барлық жастар ҚР Президентініңі кезектен тыс президенттік сайлауын қолдайтындарын білдірді.
Руфина Торпищеваның фотосы