Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында жоғары оқу орнының ректоры Еркін Садықов, International Office директоры Айғаным Карибаева және қауымдастырылған профессор Виктор Камкин Торайғыров университетінің делегациясы болып барды.

- Мемлекет басшысының Франция Республикасына сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Франция Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігі жоғары білім және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы Декларацияға қол қойды. Құжатқа қол қою жоғары оқу орындарының 7-ші Қазақстан-Француз форумы барысында өтті, - деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
- Франция - бұл бағыттағы ең прогрессивті мемлекеттердің бірі, мұнда әлемдегі ең көне жоғары оқу орындары жұмыс істейді. Сондықтан біздің Француз әріптестеріміздің академиялық ұтқырлық және қос дипломды білім беру мәселелеріндегі тәжірибесі бізге өте пайдалы болады. Сонымен қатар, біз атақты шетелдік профессорлармен жұмыс істеуге мүмкіндік аламыз, олардың арасында Нобель сыйлығының лауреаттары да бар, - деп атап өтті Еркін Садықов.
Торайғыров университетінің өкілдері IT-білім беру (блокчейн-технологиялар, жасанды интеллект және т.б.), биотехнология, сондай-ақ ҒЗТКЖ жобалары бойынша ынтымақтастық саласындағы әлеуетті серіктестермен кездесті. ToU делегациясы стандарттау саласындағы серіктестік үшін қызықты идеялар бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан мен Франция ынтымақтастығы туралы Декларация бес негізгі тармақты қамтиды – бұл француздардың, сондай-ақ экономиканың басым бағыттары бойынша және Қазақстанның қажеттіліктерін ескере отырып, бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос диплом бағдарламаларының іске асырылуын қолдау; Қазақстанда инженерлік кадрларды даярлауды жүзеге асыратын француздық жоғары оқу және ғылыми-зерттеу мекемесінің филиалын ашу; студенттермен алмасу, оқытушылар, зерттеушілер және мамандар; жаңа Француз жоғары оқу орындарын "Болашақ" стипендиялық бағдарламасы ұсынылатын университеттер тізіміне қосу; Францияда ғылыми немесе кәсіби тағылымдамаларды жүзеге асыру үшін қазақстандықтар арасында "500 ғылыми тағылымдама" бағдарламасын ілгерілету, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың басқа да бағыттары.