Торайғыров университеті базасында жоғары оқу орындары студенттерінің арасында "Металлургия"бағыты бойынша Республикалық пәндік олимпиада аяқталды.

Командалық есепте алтынды Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері алды, күмісті Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері алды, қола медальға  А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті ие болды. 

Жеке есепте ең жоғары балл мен біріншілікті Жақсылық Мараш алды. 

Екінші орын Ангелина Горковенко, Антон Прохоренко.

Үшінші орынды Бексұлтан Сәрсенов, Диас Кәкітаев, Дияс Қайыржанов иеленді.

- Біздің ЖОО-ның кезекті рет бүкіл Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері жиналған алаңға айналғаны өте қуанышты. Металлургия-біздің еліміз үшін аса маңызды сала, онда ондаған мың адам жұмыс істейді, сондықтан осы саланы дамыту отандық экономика үшін зор маңызға ие. Алайда, егер біз білікті мамандарды даярлап, олардың зияткерлік әлеуетіне қаражат салмасақ, бұл мүмкін болмайды, - деді ЖОО ректоры Еркін Садықов.