Торайғыров университетінде Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Стамбеков Сағадат Жұмағазиұлының 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Ауылшаруашылық ғылымдары факультетінің  профессоры Стамбековтың есімі ТМД - да белгілі, оның генетика бойынша еңбектері Ресей мен басқа елдердің университеттерінде қолданылады.

Сағадат Жұмағазиұлы жоғары мемлекеттік басқару органдарында жауапты қызметтер атқарды, ұзақ жылдар бойы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірінші орынбасары, облыстық тәжірибе станциясында директордың ғылым жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі, Шәкәрім атындағы СМУ-ның «Жалпы биология» кафедрасының профессоры болды. Кейінгі жылдары университеттің "Зоотехнология, генетика және селекция" кафедрасының профессоры болды.

Ол ғылымға көп уақыт бөлді, шетелдік ғалымдармен бірге генетика оқулығын шығарды, ол біздің елімізде де, ТМД елдерінде де жоғары оқу орындары студенттерінің қолында белсенді қолданылады. Сондай-ақ, «Жалпы генетика», «Молекулалық биология», «Радиобиология» оқулықтары, 100-ден астам ғылыми жұмыстар жарық көрді.  «Еңбек ардагері», «С.Торайғыров атындағы алтын медаль» медальдарымен марапатталған.