Мемлекеттік саясатағы әлеуметтік –мұқат санаттарына қатысты оң өзгерістер С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің қызметінде де көрініс тапты. Университетте маңызды әлеуметтік мәселелерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік жүйелі саясат құрастырылған.

Студенттерді жеңілдікті кредиттеу

Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Акционерлік қоғам арасындағы қарым-қатынас жөніндегі келісімді қолдау» туралы жолдамасына сәйкес «Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқаттық қоры мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің , Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің жеңіздікті кредиттеу мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2008-2009 оқу жылынан бастап «жақсы» және «өте жақсы» келісімшарт бойынша күндізгі бөлімнің барлық мамандықтардың студенттері мен магистранттарына жеңілдікті ұзақ мерзімдік оқу кредиттерін алуға мүмкін жасалған, төмендегі шарттарға сәйкес келетін.

Жеңілдікті кредит алуға үміткер студенттерді сұрыптаудың критерийлері болып табылатындар:

- студенттің оқу үлгерімі мен әлеуметтік жағдайы( жетімдер мен ата-анасынық қамқорынсыз қалған студенттер);

– мүгедек-студенттер;

– ата-анасы мүгедек студенттер;

– көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, толық емес отбасыдан шыққан студенттер;

– ата-анасы зейнеткерлік жасқа жеткен студенттер.

ҚР-ның Үкіметінің шешімімен 2009 жылдың 3 қарашасында енгізілген кейбір өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес №1747 жеңілдікті кредиттеудің Мемлекеттік бағдарламасы бойынша осы кредитті рәсімдеу мүмкіндігі «жақсы» және «өте жақсы» келісімшарт бойынша күндізгі бөлімнің барлық мамандықтардың студенттері мен магистранттарына берілген,төмендегі шарттарға сәйкес келетін.

Бағдарлама қызметінің бірінші жылында (2008-2009 оқу жылы) осы категорияларға сәйкес 6 студент «Альянс Банк» АҚ-мен келісімшарт құрды, олардың оқу құнын төлеуге университет шотына 658 061 теңге аударылды.

2009-2010 оқу жылында 178 әлеуметтік жағдайы бойынша енгізілгендердің 3 студенті кредит рәсімдеді. Сонымен қатар жеңіздікті кредиттеудің қатарына жатпайтын студенттерге оқу құнын төлеуге екінші дәрежелі банктердің кредиттері ұсынылды.

–«ТұранӘлем Банкі» АҚ-21% жылдық;

- «Халық Банк» АҚ-15% жылдық.

2010-2011 оқу жылында «ГНПФ» Зейнетақы жинақтық қоры АҚ-ның, Қазақстанның Құрылысжинақтық Банк» АҚ-ның презентациялары жүргізілді.

Жетімдер қатарындағы студенттер

Жетімдер қатарындағы студенттерге аса назар аударылады. Әроқу жылының басында декан меңгерушілерімен бірге факультеттердің әлеуметтік-демографиялық жағдайының паспорты құрылып, онда білім алушының әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат болады.

 

Таблица №4 Жетімдердің жалпы саны, олардың Студенттер үйінде орналастырылуы

№ п/п Оқу жылы Жетімдердің жалпы саны Жатақханада тұратындары
1. 2008-2009 136 36
2. 2009-2010 135 32
3. 2010-2011 126 32
4. 2010-2011 114 29
5. 2012-2013 106 30

Оқу жылының басында білім алушылар контонгенті бойынша факультеттер арасында Студенттер үйінен орындар үйлестіріледі. Бұл ретте орналасу кезінде басым құқық студенттерге-жетімге, мүгедектерге, аз қамтылған отбасыдан шыққандарға, басқа қададан келгендерге беріледі. Жатақханада 360 орын бар, олар бірінші болып аса мұқтаж студенттерге беріледі, Зиялы Кеңестің шешімімен жетім студенттер тұруға төленетін құннан босатылған. Жетімдер қатарындағы студенттерге жыл сайын ЖОО-ның асханаларында тегін тамақтану ұйымдастырылады. Сонымен қатар Павлодар қаласының білім бөлімі жыл сайын студенттерге қалалық қоғамдық көліктерге тегін жол жүру құжаты беріледі.

Тәрбие жұмысы мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөліммен бірге Студенттер үйінің директорымен үнемі жатақханамен қамтамасыздандырылудың мониторингі құрылады. Жатақхана орындарына сұраныс жөнінде тәрбиешілер, қызметкерлер мен Студенттер үйінің директорының тексерісінен кейін білуге болады. Тұрғындармен жұмыс мәселесінде барлық блоктарда құрылған видеобақылау камералары септігін тигізеді, оның көмегімен ұсақ құқық бұзушылықтарды әшкерелеуге болады. 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Студенттер үйінің подъездік жолдарды асфальтттау жұмыстары жүргізілді.

2012-2013 оқу жылына Студенттер үйінде толық жөндеу жұмыстары жүргізілді: ағаш терезелер пластикке ауыстырылды, санитарлық түйіншектер, раковиналар, ескі лампалар электр үнемдегіш лампаларға ауыстырылды, құбарлар, жуынатын бөлменің кабинадары жөндеуден өтті, есіктер жаңартылып, ленолеумдар ауыстырылды, өрт қауіпсіздігінің құрылғылары орнатылды.

Әлеуметтік қамқорлық

Келісімшарт бойынша оқитын әлеуметтік аз қамтылған студенттер жөніндегі мәселені шешу сұрақтарына көңіл аударылады, олар үшін «С.Торайғыров атындағы ПМУ білім алушыларының оқу қызметтерінің жеңілдіктері туралы қаулысына» сәйкес жеңілдіктер жүйесі бар. Мүгедек студенттерге, жетім студенттерге, студент жұбайларға және басқа да критерийлер бойынша да жеңілдіктер қарастырылған

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің студенттік отбасын әлеуметтік қорғау мақсатында, психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік құқықтық көмек пен жас отбасыларға консультация өткізу үшін «Студенттік отбасы» бағдарламасы құрылған. Университеттік «Студенттік отбасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында және екіжақты қызметті ұйымдастыру үшін Павлодар облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің студенттік отбасылары 2011-2015 «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында наурыз айында «Жас дені сау отбасы» мектебінің қызметінде қатысты.

«Бөбек» қайырымдылық қоры

2006 жылдан бастап «Бөбек» қайырымдылық қоры жетімдер үйініе, жетімдер мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернеттарға жыл сайындық көмек көрсетеді. Осылай 2008-2009 оқу жылында университеттің 8 студенті балалар үйінің тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы С.А. Назарбаеваның стипентианты қатарына енді. Ай сайын студенттер 3000 теңге көллемінде стипендия алды. 2009-2010 оқу жылында стипендиатнттар саны 7 болды. Ай сайынғы стипендия көлемі 5000 теңгені құрады. 2010-2011 оқу жылында Павлодар қаласының балалар құқығын қорғау Департаментімен бірге университеттің 5 студентіне-балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жоғарыда көрсетілгендей айына 5000 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. 2011-2012 жылы стипендианттар саны 8 болды. 2012-2013 жылы студенттерге стипендия бөлінбеді.

«Бота» Қоғамдық қоры

2008 жылдың сәуір айында тіркелген «Бота» Қоғамдық қорының басты мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен аз қамтылған қазақстандық балалар мен жастарға, сонымен қатар олардың отбасына денсаулығына, білім алуына, әлеуметтік әл-ауқатына инвестиция бөлу арқылы тұрмысын жақсарту.

Білім гранттарының бағдарламасының мақсаты болып конкурстық іріктеуден өткен академиялық үлгерімі жақсы 29 жасқа дейінгі жастарға , бірақ университет пен колледжде оқуға аз қамтылғандарға көмек көрсету табылады.

Колледж бен университетте оқу құнын төлеуден басқа БГБ бағдарламасы «Бота» Қоғамдық қоры стипендияларды, тұру құнын, тұрмыс ақысын, көліктік шығыстары мен оқу материалдарының құнын төлеуді ұйымдастырады. Жыл бойы «Бота» Қоғамдық қорының грант алушылары арнаулы дайындықтар бойынша оқу семинарларына қатысады.

2012-2013 оқу жылында «Бота» Қоғамдық қорымен қайтарымсыз оқу қызметіне 1 710 900 теңге сомасына 5 келісімге қол қойылды.

Студенттер-мүгедектер

Университетте жыл сайын мүгедек студенттермен жүргізілетін іс-шаралар жоспары құрылады. Басты оқу корпусының фойесінда мүгедектердің жүру ыңғайлылығына арналған пандус құрылған. Мүгедек-арбамен жүретін студенттерге жағдай туғызу мақсатында сабақ кестесіне өзгертілер енгізілген(2 этаждан биік емес). Басты оқу ғимаратының лифтін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл сайынғы Халықаралық мүгедектер күнінің қарсаңында «Менің арманымдағы алаң» Қайырымдылық марафоны өткізіледі. Университет фойесінде ақша жинауға арналған шыны қорап орнатылған. Жиналған ақша «Самал» реабилитация орталығының территориясын көріктендіруге жіберілді.