С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек (дәрігерге дейін) көрсету мақсатында оқу корпустарында денсаулықпункттері ашылған, онда «А» корпусында - № 112, № 114, «Б» корпусында - № 111, «В» корпусында - № 106 кабинеттерде орналасқан.

Әр денсаулық пункті пациенттерді қабылдау бөлмесі мен процедуралық кабинеттерден тұрады. ПМУ колледжінің денсаулық пунктінде егу кабинеті бар, онда күнтізбеге сәйкес жоспарлы түрде колледж бен университеттің біріншіден төртінші курсына дейінгі вакцинация жүргізіледі, және де эпидемологикалық көрсеткіштердің де вакцинациясы жасалады. Жыл сайын қазан айы бойы бірінші курс студенттері медициналық тексерістен өтеді, денсаулық жағдайына байланысты топтарға бөлінеді: жалпы, арнаулы медициналық топ, денсаулық жағдайына байланысты босатылғандар. Жыл сайынғы студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның флюраграфиядан өтуі бақылауға алынып, ауру студенттердің тексерісі жүргізіледі. Әр денсаулық пунктінде тіркеу мен есеп документациясы жүргізіледі, медиктер шұғыл және бірінші көмек көрсетеді. №1 поликлинакасы, ОЦФ ЗОЖ, ЖҚТБ орталығы, ОПТД –мен тығыз байланыс бар.

2010 жылдың 14 қаңтарында университеттің денсаулық пункті мемлекеттік лицензия алды. Лицензия Қазақстан территориясында жарамды, бекітілген тәртіп бойынша әр 5 жыл сайын мамандық бойынша біліктілікті арттырудан өткен жағдайда тұрақты және жарамды болып есептеледі.

 

Студенттредің жатақханамен қамтылу , санитарлық-эпидемологиялық нормалар мен талаптарға сай келу дәрежесі

Жатақханада тұрушыларға арналған 7 «Индезит» кір жуу автомат-машиналар орнатылған кір жуу орны орнатылған, киім кептіруге арналған бөлме жұмыс істейді. Ыңғайлы душ кабиналары бар. 9 электр плитасы орнатылған 2 асхана бар, Студенттер үйінің тұрғындарының буфеттік тамақтану ұйымдастыратын Студенттік клубта тамақтануға мүмкіндіктері бар.

Әр бөлмеде раковина, санитарлық түйіншектер, қажетті жиһаз, кереуеттер, кітап сөрелері, тумбалар, үстелдер мен орындықтар бар.