С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ПОҚ және қызметкерлерінің академиялығы ЖОО мен ғылыми мекемелер арасындағы келісім негізінде жүзеге асады.

Университеттiң оқытушылары және қызметкерлерiнiң академиялық ұтқырлығының iске асырылуының басымды әдiсі ұйымдарда бiлiм сапасын көтеруге бағытталған зерттеулердi жүргізу мақсатында өзге ЖОО-ы мен серіктестік орнатуға бағыттау болып табылады.

Академиялық ұтқырлық қатысушыларының іссапарға жіберілуі ректордың қол қойылған кафедра меңгерушісінің қызметтік хаты мен оқытушының (қызметкердің) өтініші негізінде іске асырылады.

Академиялық ұтқырлыққа қатысушылардың іссапары туралы барлық ұйымдастыру сұрақтары университетте бекітілген тәртіп бойынша шешіледі.

Іссапардан келген соң орындалған істер есебімен аванстық есеп тапсырылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық жағдайында аванстық есепке білім алушының паспорт көшірмесінің визалары бар беті қоса тапсырылады. Сонымен қатар іссапар куәлігі, жол құжаттары, тұрғын үй жалдағаны туралы және басқа да кажетті құжаттар тапсырылады.