С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 1 жатақхана (Студенттер үйі, Толстой көшесі, 101) бар. Ол 5 қабаттан және 162 бөлмеден тұрады, 3 блокқа бөлінген. Қазіргі уақытта Студенттер үйінде 360 жатын-орын бар. Жатақханаға мұқтаждар саны 878адам. Жатақханада тұру орнымен ең алдымен жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттер,грантта оқитын студенттер, және де Қазақстанның басқа өңірлерінен келген студенттер қамтылады. Жыл сайын жетімдер қатарындағы студенттер университеттегі Зиялы Кеңестің шешімімен жатақханада тұру төлемінен босатылады.

asf-o

Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру үшін 120 орындық акт залы бар, ол караокемен, музыкалық орталықпен, диагоналі 114 см болатын проекциялық теледидармен жарақтандырылған, кабельді телеарналар қосылған, тұрақты түрде толықтырылып отыратын видео және медиатекалар бар, компьютерлік класс, жаттығу және теннис залдары жұмыс істейді, спорт құрылғылары сатып алынған.

asf-o

Студенттер үйінің аумағында жазғы спорт алаңдары, стритбол орналасқан. Турник, швед қабырғасы, жарыспалы ағаштар, батпырауықтар орналасқан. Жатақханада тұратын студенттерге көмек үшін оқу класстары жұмыс істейді, жыл сайын университеттің қаражаты есебінен 100 мың теңге сомасына газеттер мен журналдарға жазылу рәсімделеді. Тұрғындарға «Индезит» 5 кір жуу автомат-машинасы орналасқан кір жуатын орын жұмыс істейді. 9 электр плиталарымен жабдықталған екі ас бөлмесі бар. Студенттер үйінде тұратын жастардың Студенттік клубта тамақтануға мүмкіндіктері бар, онда буфеттік тамақтану ұйымдастырылған.

asf-o

asf-o

Қазіргі уақытта әр бөлмеге тоңазытқыштар мен теледидарлар сатып алудың жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Студенттер үйі тәулік бойы күзет қарауында және видеобақылауда болады. Студенттер үйінің ауласы көркейтілген: орындақтар құрғызылып, гүлдер отырғызылған.

Студенттре үйінде университет ректорының студенттермен кездесулер өткізуі дәстүрге айналған. Жатақханадағы актуалды жағдайларды шешу мен талқылау үшін кездесулер (дөңгелек үстелдер) әкімшілік пен студенттре үйінің белсенділері арасында тұрақты ұйымдастырылады. Студенттер үйінің Студенттік кеңесі жастардың спорттық және шығармашылық машықтарын ұйымдастырады: қабырға газетін шығарады, би кештерін, спорттық жарыстар, шахмат турнирлерін, компьютерлік ойындар турнирін өткізеді.

Құқықтық ақпарат күні кезінде жылдың қазан айында Студенттер үйінің акт залында «Есірткі қолдану және есірткі айналымы» тақырыбын талқылау мақсатында Павлодар қаласының ішкі істер Департаментінің , Павлодар облысының ұлттық қауіпсіздік басқармасы департаментінің қызметкерлерінің, мамандандырылған медициналық орындардың мамандарының шақырылуымен кездесу өткізілді.Кездесуге қатысқан 100-ден аса студенттре мен колледж оқушылары өздерін қызықтыратын көптеген сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Студенттердің әр түрлі саладағы қызметтерге кешенді араласуы білім, ғылым, мәдениет, спорт және студент жастарға әлеуметтік кепілмен қамтамасыз ету арқылы келешекте университеттегі тәрбие жұмысының жүйесін дамыту мен бекітуге септігін тигізеді.

Орын жетіспеу мәселесі бойынша 2013 жылы 500 орындық жаңа ғимарат құрылысы жоспарланған, аяқталуы - 2014 жылы.