Этика (Әдеп) жөніндегі уәкіл – Ахметова Гаухар Галымовна

 

Этика жөніндегі уәкіл өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, білім беру саласындағы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы реттеу жөніндегі нормативтік актілерді, Университеттің Жарғысын, Корпоративтік этика кодексін, «Этика жөніндегі уәкіл туралы» Ережені, «Этика кеңесі туралы» Ережені және өзге де ішкі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

Этика жөніндегі уәкілдің қызметінің мақсаты – этикалық ортаны қалыптастыруға жәрдемдесу және этикалық нормалардың бұзылуына байланысты туындайтын даулы жағдайларды шешуді қамтамасыз ету.

Негізгі міндеттері:
– қызметкерлерге корпоративтік этика мәселелері бойынша кеңес беру
– этикалық құқықбұзушылықтардың алдын алу
– жанжалдарды шешуге жәрдемдесу
– келіп түскен өтініштерді бастапқы бағалау

Функциялары:
– этикалық нормалардың бұзылуына қатысты өтініштерді қабылдау және тіркеу
– өтініштерді алдын ала қарау
– негіз болған жағдайда өтініштерді этика кеңесіне жолдау
– университет басшылығымен және құрылымдық бөлімшелерімен этика мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау

Қабылдау уақыты:
10:00–12:00, дүйсенбі – жұма

Мекенжайы:
«Торайғыров университеті» КЕАҚ, Бас ғимарат, Ломов көшесі, 64, 222-кабинет

Байланыс деректері:
Жұмыс телефоны: 67-36-47 (ішкі 12-31)
Ұялы телефон: +7 700 025 90 40
E-mail: compliance_officer@tou.edu.kz