ToU тарихы
Toraighyrov university (TOU) – Қазақстандағы ірі университеттердің бірі. TOU тек қана Павлодар аумағында ғана емес, сонымен қатар Республикадағы ғылым мен мәдениеттің білім орталығы болып табылады.
Toraighyrov university 1960 жылы 20 қыркүйекте КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде, 1960 жылы мамыр айында Павлодар Индустриалды институты (ПИИ) негізінде құрылған. Институт бұрынғы 24-ші әскери училищенің екі казармасы мен 10 бір қабатты барактарында орналасты.Үш факультетте - машина жасау, инженерлік-құрылыс және энергетика факультеттерінде 400 студент оқыды. Дәрісті 16 оқытушы жүргізді, олардың тек біреуі ғана доцент ғылыми атағына ие болды.
Бүгінгі таңда Toraighyrov university – ұзақ жылғы өз тарихы және даңқы бар жоғары оқу орны: осы университеттің қабырғасында жарты ғасырдан астам уақытта мемлекеттің барлық аймақтарына жоғары білікті мамандарды даярлады.
Қазіргі кезде бұл инновациялық типтегі көп салалы университет, аймақтың басты жоғары оқу орны, орасан зор ғылыми орталық, Қазақстан Республикасы және оның аймақтарында өз жаңалықтарымен және жетістіктерімен кең танымал болып отыр.
2020 жылы коммерциялық емес акционерлік қоғамға ауысуына байланысты университет өз қызметінде академиялық және басқарушылық еркіндікке ие болды, бұл жоғары оқу орнының даму бағытын өз бетінше анықтауға, өзінің білім беру бағдарламаларын дамытуға мүмкіндік береді. Біз өзіміз үшін ЖОО-ның кәсіпкерлік түрін таңдадық. Бизнестің, биліктің және ғылыми қоғамдастықтың өзара қауымдастығы – стратегиялық мақсаттарға және қалыпты дамуын қамтамасыз етуге қол жеткізуге мүмкіндік беретін негіз болды.
Toraighyrov university жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Қуатты ЖОО – Қуатты өңір» бағдарламасын белсенді жүзеге асыруда. Бүгінде біздің көптеген ғалымдарымыз облыс, қала және аудан әкімдіктерінің жобалық кеңселерінің жұмысына белсенді тартылған, бұл ЖОО-ның ғылыми-техникалық әлеуетін өңірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Биліктің, ғылым мен бизнестің үшжақты өзара қарым-қатынасы түлектерді табысты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.
Toraighyrov university Павлодар облысындағы оқу орындары арасында білім алушылар саны бойынша да, көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы бойынша да даусыз көшбасшы болып табылады. Жоғары оқу орны бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның 150 мамандығы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде әртүрлі бағыттағы жоғары кәсіптік білім беретін мамандарды дайындайды.
Университетте ғылыми-зерттеу жұмысы 28 кафедра мен 5 ғылыми-практикалық орталықтарда, "Ертіс" ғылыми-технологиялық паркінде, өңірлік инновациялар және технологиялар трансферті орталығында, студенттік ғылыми орталық базасында жүргізіледі. Университетте дуальды оқыту белсенді жүзеге асырылуда, бұл кәсіпорын қызметкерлерінің өздері жүргізетін практикалық және зертханалық сабақтарды өндіріске аударуға мүмкіндік береді.
Әріптестер арасында Қазмұнайгаз, «ERG» тобы, Мұнай-химия және ферроқорытпа зауыттары, Электролиз және алюминий зауыттары, сондай-ақ «Победа» және «Пахарь» атты ірі аграрлық кәсіпорандары бар.
Жыл сайынғы жалпы рейтингке сәйкес, Toraighyrov university Қазақстанның үздік көпсалалы университеттері арасындағы көшбасшылардың бестігіне кіреді, 2020 жылы университет QS 1000+ әлемдік рейтингіне кірді.
Toraighyrov university – әлемдегі классикалық университеттердің Болондық хартиясының, LAESTE студенттік машықтану бойынша алмасу халықаралық қауымдастығының, Сібірлік ашық университет қауымдастығының, Қазақстан жоғары оқу орындар қауымдастығының және Шанхай серіктестік ұйымының мүшесі.
Toraighyrov university жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: энергетика және энергоүнемдеуші технологиялар, құрылыс, машинажасау, педагогика, психология облысындағы зерттеулер, экологиялық мониторинг, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, аймақтың экономикалық мәселелері, кадр дайындау мен жоғары мектептің әлеуметтік лингвистикалық және лингвомәдениеттік мәселерін зерттеу.
Абитуриентке Ақпарат
1) ҰБТ ережелері
ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік). Барлық тест тапсырмаларының саны – 120. Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут) Апелляция: қарастырылған. Ең жоғары балл – 140
Торайғыров университетте ақылы оқуға өту балы 50 балл, ал «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша – 75
Шекті деңгей балы:
Ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы, «Құқық» даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл."Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл.
Басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл.
Сонымен қатар, әр ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.
Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады.
Нақтырақ https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/ent/edinoe-natsionalnoe-testirovanie-ent/
2) Әскери кафедра
Дайындайтын мамандықтар:
запастағы офицерлер үшін:
1. «Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы» – әскери-есептік мамандығы;
2. «Жалпыәскери бөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік қолданысы» – әскери-есептік мамандығы;
3. «Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жоспарлау» – әскери-есептік мамандығы;
4. «Қаржылық қамтамасыз ету» – әскери-есептік мамандығы.
запастағы сержанттар үшін:
1. «Атқыштар» – әскери-есептік мамандығы;
2. «Жаяу әскердің жауынгерлік машиналары» – әскери-есептік мамандығы;
3. «Өртке қарсы қорғаныс және құтқару жұмыстары» – әскери-есептік мамандығы;
4. «Өртке қарсы қызмет» – әскери-есептік мамандығы.
Әскери кафедрада әскери оқу резервін даярлау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 534 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен «запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық қағидаларымен» (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалады.
Студенттердің әскери дайындығы оқытудың қосымша түрі болып табылады және теориялық және практикалық оқыту курстарынан тұрады.
Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындық мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде жүргізіледі. Оқыту түрі – күндізгі. Оқу ұзақтығы-2 жыл (әскери кафедраға келген күннен бастап сабақтар аптасына 1 рет өткізіледі).
Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери дайындық ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқыту формасы – бетпе-бет. Оқу мерзімі-1 жыл (әскери кафедраның сабаққа келген күні апта сайын 1 рет).
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу:
Конкурсқа қатысуға конкурс өткізілетін жылға 24 жастан аспаған студенттер жіберіледі.
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу төрт кезеңдік конкурспен жүзеге асырылады:
бірінші кезең – әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы Ережеге сәйкес медициналық куәландырудан өту;
екінші кезең – кәсіби-психологиялық тестілеуді өткізу;
үшінші кезең – физикалық дайындығын тексеру;
төртінші кезең – ЖЖОКБҰ басшысы жасайтын және бекітетін рейтингтік балдың есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.
Әскери кафедраның орналасуы: Павлодар қаласы, Әкімшілік қалашық көшесі, 19.
Электрондық мекен-жайы: vk_pgu@mail.ru
Магистратураға түсушілер үшін
«Инженерлік жүйелер мен желілер» МБББ
«Тамақ өнімдерінің өндірісі» ББМ
«Қоршаған ортаны қорғау технологиясы» МБББ
«Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар» МБББ
Сопровождение раннего профессионального самоопределения обучающихся в системе ОСО