Date creation: 08.06.2015
Құрметті Арын Амангелдіұлы мен ПМУ жоғарғы оқу орнының Сәулет және Дизайн кафедрасының, Сәулет мамандығының 3 курс студенті Шәкірәт Серікбол Баянбеұлы болам. Мен оқу озаты және ПМУ аға оқытушысы Қасқырбаев Қ.Қ астында жас ғалым ғылыми жобалар қатысушысымын. Біздің жобамыз бойынша Экспо 2017ге үлкен Этноауыл құрылған болатын. Сізге қояр сауалым, осы жетістіктерімді есептей келе мен университеттің ректорының грантын немесе степендиясын алалам ба?
Date of reply: 23.06.2015
Сәлеметсіз бе, Серікбол! Ректор гранты тек «Алтын белгі» иегерлеріне, этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдеріне, спортсмендерге (жоғары спорттық дәрежеге ие ЖОО, облыс құрамаларының, ұлттық құрамалардың мүшелері), сонымен бірге әлеуметтік қорғалатын жандарға (мүгедектер, жетім балаларға беріледі. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білім беру қызметіне жеңілдіктер беру Ережелеріне сәйкес соңғы емтихандық сессия «өте жақсы» бағасына тапсырылған жағдайда оқу төлемақысына 20% жеңілдік беріледі. Ол үшін Сәулет-құрылыс факультет деканатына хабарласыңыз (телефон: 675001).