Date creation: 06.06.2015
сәлеметсіздерме? менің бір ауылдасым ҰБТ-дан орыс тілісіз 71 балл жинаған таңдаған пәні биология қандай мамандыктарға гранқа түсу мүмкіншілігі бар?
Date of reply: 23.06.2015
Сәлеметсіз бе, Барат! Мемлекеттік білім грантын тағайындау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру гранттарын беру ережесіне сәйкес жүргізіледі. Таңдау пәні биология болған жағдайда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті келесі мамандықтар бойынша мамандарды дайындайды: 5В010300 Педагогика және психология, 5В050300 Психология, 5В060700 Биология, 5В060800 Экология, 5В080100 Агрономия, 5В080200 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Толық ақпаратты Ломов к. 64, А-128 кабинетте, 673-773, 674-774, 87073673773 телефондары арқылы немесе ЖОО сайтынан ( http://psu.kz (Абитуриент-Қабылдау комиссиясы-Бакалавриат)) ала аласыз.