Сәлеметсіздер ме, мен Тараз қаласында оқимын. 11 сыныптың түлегімін. Физика таңдап отырмын. ПГУ-де оқу мақсатым, профессорлармен жұмыс істегім келеді."Серпін 2050" бағдарламасы бойынша грантқа түскім келеді. Ол үшін алдын ала тіркеу қажет пе және осы жобаны түсіндіріп берсеңіздер. Мамандықтар жайлы толығырақ мағлұмат керек...
Сәлеметсіз бе Перизат! Қазақстанда 2014 жылдан бастап жұмысқа орналасу бойынша қиындық туғызатын өңірлерде кадрлардың орны толтыру мақсатында "Серпін 2050" жобасы бастамасын алды. С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті осы бағдарламаға техникалық мамандықтар бойынша қатысу ретінде бекітілді. Қазіргі уақытта университте жобаға байланысты ақпарат дайындалып, сайтқа ілінді. Толық ақпаратты университетіміздің сайтында http://psu.kz "Серпін 2050" баннерінен ала аласыз.
"Серпін 2050" жобасының қатысушысы болу үшін Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына құжат тапсырған кезде (2015 жылдың 23-31 шілде аралығында) сізге ЖОО 038 кодын көрсету қажет. "Серпін 2050" жобасының қатысушылары тұру орны бойынша (еліміздің оңтүстік өңірлері) және оқуға түсіп жатқан ЖОО коды бойынша анықталады.