Оку-әдістемелік жұмысының негізгі мазмұны факультет мамандықтары бойынша түлектерді дайындауын жетілдіру және жақсарту мақсатымен факультет кафедралардың, оқу-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру, бақылау және талдау.
Факультеттің оку-әдістемелік жұмыстарының міндеттері:
- Оку жылында факультет кафедраларының оку-әдістемелік жұмыстары бойынша негізгі бағыттарды анықгау;
- Факультет кафедраларының оқу-әдістемелік бойынша кездесетін мәселелерді шешу және олардың жұмысын ұйымдастыру;
- Кафедралардың оқу-әдістемелік жұмыстарын талдау;
- Кафедралардың оқу-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру және бақылау;
- Факультет, кафедра деңгейлерінде жеке пәндерден сапалы сабақ өткізулерін талдау және әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету;
- Факультет бойынша кафедраларда ағымдағы оқу-эәдістемелік жұмыстарды жедел шешу;
- Кафедра аралық және жалпы университетішілік көлемінде оқулықтардың және оқу құралдардьң, оқу-әдістемелік кешендердің және басқа материалдардық қолжазбаларды қарастыру, кафедралармен құрастыру және шығаруына оларды ұсыну;
- Факультет бойынша ашық сабақтарды және өзара сабақтарға катысуды бақылау;
- Басқа оқу мекемелердің, университеттердің, басқа факультеттердегі кафедралардың оқу-әдістемелік жұмыстарындағы озық тәжірибені үйрену және оны кафедра деңгейінде талдап, қарастыру.
Студенттерге сапалы білім беру деңгейінде «Сәулет-құрылыс» факультеті білім берудің жаңаша технологияларын оқу үрдісінде кеңінен қолданып келеді. Сонымен қатар жоғары біліктілікті, алдьңғы қатарлы білімдерді жинақтай білетін, креативті ойлау қабілеті бар кадрларды дайындау үшін факультет базасы негізінде бірегей ғылыми-білім беру және оқытуда инновациялық технологияны қолдану, еліміздің инновациялық экономикасы үшін үнемі өзін-өзі жетілдеру және интеллектуалды капиталды жинақтап көбейту болып табылады.
Оқыту жүйесін модернизациялау арқылы қойылатын мүдде - жоғары кәсіби және интеллектуалды деңгейдегі мамандарды дайындаумен қажеттілігі артып жатқан еңбек нарығын қанағаттандыру.
Қaзіргі таңда факультетте оқу үрдісі мемлекеттік жалпыға ортақ білім беретін оқу стандартына сәйкес icкe асып келе жатыр.
Факультет деңгейінде орындалатын курстық және дипломдық жұмыстарда дербес компьютерлер базаларына сай әр түрлі есеп айырысулар, қолданбалы бағдарламалардың пакеті және қазіргі ақпараттық технологиялар қолданып келеді.
Барлық кафедралар оқытушылары пәндердің негізінде бip үлгідегі оқу жұмыс бағдарламалары мен барлық мамандық бойынша оқу әдістемелік кешен және оқу әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілген.
Факультет бойынша үш кафедралардың оқу әдістемелік кешендері жыл сайын элсктронды кітапхана базасында жаңартылып отырады.
8(7182) 67-92-44