Cтуденттерінің ғылыми-зерттеушілік жұмыстары

Сәулет-құрылыс факультетінің студенттері әртүрлі бағыттарда ғылыми-теориялық және тәжірибелік жұмыстар бойынша келесідей жұмыстар жүргізіліп келеді: зертханалар, университетішілік ғылыми-теориялық конференциялар, мамандық бойынша олимпиадалар, ғылыми жұмыстар бойынша байқаулар, дипломдық жұмыстар мен жобалар және курстық жұмыстар. Біздің студенттеріміз облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың, олимпиадалардың, конференциялардың жеңімпаздары.

Сонымен қатар, студенттер алған теориялық білімдерін инновациялық тұрғыда қарастырып, тәжірибе жүзінде жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізіледі олар: пікір таластар, іскерлік ойындар, жобалау, презентация, ғылыми және қоғамдық қызметтер.

Бұл өз кезегінде кадрларды сапалы етіп дайындауға өз көмегін тигізіп жатыр: ұсыныстар, қазіргі заманауи әдістемелер мен материалдар; айқындалған білімдерді қалыптастыруға, біздін студенттеріміздің жеке сапалық қасиеттерін жетілдіреді, олар: жаңашылдық инновациялық ойлау, шығармашылық.

Біздің факультетіміздің студенттері ғылыми-зерттеушілік жұмыстар бойынша студенттер мен оқытушылар арасында тәжірибе алмасып, әріптестік байланыста қарым-қатынас жасап келеді, ол тек жай ғана емес бір-бірлерімен пікірлер алмасып, алдағы мақсаттар мен бағдарларды айқындауда ой бөлісіп отырады.

Сәулет және дизайн кафедрасының оқытушылары студенттердің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын үнемі ұйымдастырып, бақылау жасап келеді. Біздің студенттерімізді кәсібилік бағытын қалыптасыру үшін алған теориялық білімдері тәжірибе жүзінде қолдану, ізденушілік және зерттеушілік тұрғыда, дұрыс шешім қабылдау үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға дағдыландырып келеді.