Материалды база

Оқу үрдісін ұйымдастыру үшін оқыту жүргізілетін аудиториялар заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Кафедра атына көрнекі стендтермен жабдықталған «Салалық экономика» мамандандырылған аудиториясы бекітілген.

Қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру үшін материалды-техникалық, ұйымдастырушылық шарттар бар. ДОТ бойынша оқыту үрдісі кезінде университеттің оқу порталы, қашықтықтан оқыту жүйесі, мамандандырылған құрылғы мен бағдарламалық қамсыздандыру кешені қолданылады. ПОҚ пен студенттер онлайн сабақтарды жүргізу үшін заманауи техникамен және аудиогарнитурамен жабдықталған тьюторлық сыныптарды жұмыс істеу мүмкіндігіне ие.