Экономика ғылымдарының докторы, академик Яхия Әубәкірұлы Әубәкіров атындағы аудитория

Яхия Әубәкіров экономика ғылымдарының докторы, профессор. Қарағанды облысында 1925 жылы дүниеге келген.

1949 жылы М. Горький атындағы Омбы мемлекеттік университетін бітipiп, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетінің экономика факультетінің аспирантурасына түседі.

Алматы халық шаруашылығы институтының беделді экономист-ғалымы ретінде 1967 жылға дейін осы институттың саяси экономика кафедрасын басқарады, 1967 жылы АХШИ оқу ісі бойынша проректоры қызметіне тағайындалады.

1972-1985 жылдары КарМУ-дің оқу ісі бойынша проректоры қызметін атқарады. 1975 жылы ҚазКСР ҒА мүше-корреспонденті ретінде сайланады, ал 1989 жылы ҚазҒА толық мүшесі болып танылады.

Осымен бірге 1974-1992 жылдары ҚарМУ-дың гуманитарлық факультеттерінің кафедра меңгерушісі болып жұмыс істейді, ал 1985 жылдан университеттің экономикалық теория кафедрасының меңгерушісі болады.

Ғалымның дайындаған ондаған аспиранттары мен ғылым докторлары Қазақстанның түрлі аймақтары мен Достастық елдерінде жемісті еңбек етуде. Я. Әубәкіров қазіргі замандағы экономика теориясының, нарыққа өту кезеңіндегі аграрлық, қарым-қатынастардың қалыптасуына және дамуына елеулі үлес қосқан. Оның теориялық зерттеулері әлемдік тәжірибеге, Казақстанның саяси және экономикалық дамуындағы ерекшеліктеріне негізделген.