Медеубеков Қыилбай + Үсенұлы атындағы зоотехнология және селекция зертханасы А1 – 212

Қилыбай Үсенұлы Медеубеков (1929 жылы 15 мамырда Шымкент облысы Ленин ауданы Ленинское ауылында туған -) - қазақстандық ғалым, қоғам және саяси қайраткер, профессор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының және Ресей ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі.

1948 жылы  Қазығұрт ауданының Ленинское селосында 10-сыныптық мектепте бітірді.

-          1953 жыл - К.А. Тимирязев атындағы Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендарымен марапатталған Мәскеу ауыл шаруашылық академиясының зоотехникалық факультетін үздік бітірді.

-          1953 -1957 жж. - Мәскеу ауыл шаруашылық академиясының зертханашысы, аспиранты. К. А. Тимирязева;

-          1957 жыл — аспирантураны бітіріп, Медеубеков кандидаттық диссертациясын табысты қорғады

- 1957 - 62 жж., бөлім меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, Жамбыл облысы ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының директоры, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары;

- 1962-74 жж. - мал шаруашылығы ҚазҒЗИ директоры;

- 1974-84 жж. - қой шаруашылығы ҒЗИ директоры;

- 1986-90 жж. - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары;

- 1979 - 91 жж.-Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының вице-президенті, Қазақстан және Қырғызстан бойынша Шығыс бөлімшесі Төралқасының төрағасы;

К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1953). Республиканың ғылыми-зерттеу мекемелерінде ғылыми жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды. 1997 жылдан бастап Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығында жұмыс жасады. Медеубековтың академик Ә.Еламановпен бірге жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде республикадағы биязы жүнді, жоғары өнімді қой тұқымы — солтүстік қазақ мериносы шығарылды. Ол академик В.А. Больмонттың бастамасымен қолға алынған ағылшынның биязылау кроссбред жүнді қойларын жерсіндіру, сондай-ақ линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер бітімдес қойлардың отандық репродукторларын құру жұмыстарын жалғастырды.

- 1992 жыл — Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясының академигі ретінде тағайындалды;

- 1996 жыл — Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі ретінде тағайындалды;

- 1998 жыл — Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры.

- 1997-2000 жылдары Висконсин университетінде (Мэдисон, АҚШ)профессорлық-оқытушылық қызмет атқарды

- 1980 - 1990 - ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы;

- 1986-90 жж. - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары;

1997 жылдан Қаз ҒЗТИ қой генетикасын селекциялау орталығының жетекшісі.

Басылымдардың жалпы саны: 400. * Марапаттары мен атақтары:

-          Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері

-           Қазақстан Республикасының Ғылым жөніндегі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

-           Октябрь революциясы ордені

-           Еңбек Қызыл Ту ордені

-           Халықтар Достығы ордені

-           "1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" медалі

Қилыбай Үсенұлы Медеубеков - 2015 жылы 3 наурызда Алматы қаласында 86 жасына қараған шағында қайтыс болды.