Техника ғылдымдарының кандидаты, профессор ТОРПИЩЕВ ШАМИЛЬ КАМИЛЬЕВИЧТІҢ атындағы дәрісхана

Торпищев Шамиль Камильевич Павлодар қаласында 1957 жылы туған. Техника ғылымдарының кандидаты, ПМУ профессоры. 1979 жылы Павлодар индустриалды институтының инженер-құрылыс факультетін тәмамдады. 1979-1983 жж. Павлодар қаласындағы «Павлодарпромстрой» СУ-8 тресінде шебер болып жұмыс істеді. 1983 жылы конкурс бойынша Павлодар индустриалды институтының «Құрылыс өндірісінің технологиясы» кафедрасына ассистент қызметіне алынды. 1984-1986 жж. КСРО Мемлекеттік құрылыс Қызыл Ту Еңбек Ордені ҒБЖҒЗИ-де ғылыми тағылымдамадан өтті.

1986-1990 жж. – КСРО Мемлекеттік құрылыс ҒБЖҒЗИ-де аспирантурада білім алды. 1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Аспирантурадан кейін аға оқытушы, «Құрылыс өндірісіндегі экономика және технологияны ұйымдастыру» кафедрасының доценті, 1994 жылдың осы кафедраның меңгерушісі. 1995 жылдың «Құрылыс өндірісіндегі экономика және технологияны ұйымдастыру» мен «Құрылыс конструкциясы» кафедраларының бірігуінен «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» кафедрасы құрылды. 2003 ж. сәулет-құрылыс факультеті деканының орынбасары. Жалпы еңбек өтілі – 32 жыл, оның ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 28 жыл.

            160-тан аса ғылыми және әдістемелік жұмыстар жарық көрді. 80-нен астам ғылыми өнертабыстардың авторы.

            1990 және 1991 жылдары күміс медалімен екі мәрте марапатталды.     2005 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды. 2005 жылы «Қазақстан Республикасының ең белсенді өнертапқышы» аталымында жеңімпаз атанды.

            2005 жылдан бері құрылыс материалдары, RILEM жүйелері мен құрылымдары саласындағы Зертханалар мен сарапшылардың халықаралық одағының мүшесі. 2010 жылы – «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» медалімен марапатталған.