Оқу-зертханалық база

Кафедраның жанынан 5 арнайы мамандандырылған кабинет бекітілген: А-550 – «Мәдениеттану кабинеті», А-548 – «Әлеуметтану кабинеті», А-530 – «филос.ғ.к., профессор К.Ш. Шүлембаев атындағы философия тарихы кабинеті», М.Ж. Көппев атындағы дәріс аудиториясы (А-3) және А-552. Бұл кабинеттер тиісті ғылыми және оқу әдебиеттерімен, көрнекілік құралдармен және компьютерлік техникаларымен жабдықталған.

Оқытушылар дәрістерді инновациялық технологияларды қолдану арқылы береді. Кафедрада дәріс-тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруға арналған моноблок және мультимедиялық проектор бар. Кафедра ҚМКК «Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» филиалын ашты. Кафедраның филиалы оқытудың дуалды технологиясын жүзеге асырады: «Мұражайтану», «Қолданбалы мәдениеттану: мәдениет менеджменті» пәндері бойынша практикалық / семинарлық сабақтар өткізіледі.

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының конференц-залы

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының негізінде тәжірибеден өту