Академик Қатыршат Шапағатұлы Шүлембаев атындағы «философия тарихы» аудиториясы

Шулембаев Катыршат Шапағатұлы Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР АНВШ және ҚР АСН академигі. 1937 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі ҚазҰПУ) тарих-филология факультетін үздік бітірді.  1959-1960 ж. ҚазПИ орыс және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы. 1960-1961 ж. Алматы қаласы Фрунзе аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.  1960-1964 ж. Қазақ КСР Орталық мемлекеттік музейінің аға ғылыми қызметкері. 1964 - 1967 жж. ҚазПИ аспиранты.

Қ. Ш. Шүлембаев Қазақстандық дінтану мектебін құрды. Оның 140-тан астам ғылыми еңбектер, оның ішінде 3 монография, 2 оқулық, 10 брошюра бар, оның ғылыми редакциясымен 15 ғылыми еңбектер жинағы шығарылды.