2022-2023 оқу жылының сапа саласы бойынша жетістіктері

Оқу жұмысы

2023-2023 оқу жылында бакалавриат мамандығына түскендер саны: 6В03101 Мәдениеттану – 9 адам, 6В03102 саясаттану - 2 адам, магистратура 7М03101 Мәдениеттану – 2 адам (ғылыми-педагогикалық), 7М03103 саясаттану – 7 адам (ғылыми-педагогикалық), 7М03153 саясаттану - 1 адам (бейіндік). 6В03101 "Мәдениеттану" білім беру бағдарламасының студенттері Республикалық студенттік пәндік олимпиадада (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ) III орынға ие болды: Айса Нұрбота, Касенова Арай, Турлубекова Мунираға қатысқаны үшін сертификаттар берілді. Ғылыми жетекшісі - PhD , қауымдастырылаған профессор (доцент) Аубакирова С.С.

Сондай-ақ, 6В03102 "Саясаттану" білім беру бағдарламасы бойынша білімалушылар Республикалық студенттік пәндік олимпиадада (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Алигожина Сабина, II орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі с. ғ. к., профессор Калиев И. А.
Ғылыми жұмыс

Кафедраның сапаны қамтамасыз ету саласындағы басым міндеттерінің бірі ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру деңгейін арттыру, кафедра қызметкерлерін, магистранттар мен студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға тарту болып табылады. КОКСОН  ұсынған ғылыми журналдардағы басылымдар - 10, халықаралық дәйексөз журналдарындағы басылымдар (Thomson Reuters, Scopus, RINC базалары бойынша) - 3. Магистранттар мен студенттердің қатысуымен ПОҚ-ның 60 мақаласы жарияланды.

Қазіргі уақытта  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3 курсында Р.С. Салимова мақсатты грант бойынша оқиды. Ағымдағы 2023-2024 оқу жылында грантқа "Әлеуметтану" мамандығы бойынша докторантураға Г. Т. Артықбаева, "Философия" мамандығы бойынша З. С. Ысқақова түсті.

ҒЗЖ: 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша "Кәсіпкерлік университет ҚР жоғары білім беруді трансформациялау тәсілі ретінде: өтпелі мәселелер" тақырыбы бойынша гранттық қаржыландыру, PhD ғылыми жетекшісі, қауымд. профессор (доцент) С.С. Аубакирова, тақырыпты орындаушылар: РhD, қауымд.профессор (доцен) М. Т. Абдиікакимов, Г. А. Жумабекова, Әлеуметтану магистрлері Г. Т. Артыкбаева, Р. Г. Жаябаева, философия магистрі З. С. Искакова.

Кафедраның ПОҚ-ы жыл сайын "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" байқауына қатысады. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағына С.С. Аубакирова  (2020), М.Ж. Кожамжарова (2022) ие болды.

Әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу туралы "Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" ММ-мен 2023 жылғы 11 тамыздағы № 44 шаруашылық шарты.

СҒЗЖ: 6В03101 "Мәдениеттану" білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар III орынға ие болды (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). Касенова Арай (жетекшісі: С.С. Аубакирова), Айса Нұрбота (жетекшісі М. Ж. Қожамжарова); 6В03102 "Саясаттану" ББ бойынша Ильясов Сұлтан (жетекшісі А. И. Бегимтаев) "Торайғыров университеті" КЕАҚ-да II орынға, 6В03102 "Саясаттану" ББ бойынша Н.Б. Биболат  3 - орынға иеленді (жетекшісі М.А. Алтыбасарова) . Тақырыбы: "Ұлтшылдық: қазіргі әлемдегі көріністің мәні мен ерекшеліктері".
МҒЗЖ: 6В03102 "Саясаттану" білім беру бағдарламасы бойынша білімалушылар Е.Д. Абисаликов (жетекшісі М. А. Алтыбасарова) - 3 орын, Г. Д. Тұранова (жетекшісі Г. М. Каппасова) - 2 орын алды.
Тәрбие жұмысы
Биылғы жылы есте қаларлық іс-шаралар - "Студенттерге арнау", "Тәуелсіздік Күні", "Денсаулық күні", "Наурыз мейрамы" болды. Кураторлар мен кафедра меңгерушісі түлектердің үлгерімі мен сабаққа қатысуы, жұмысқа орналасуы мәселелері бойынша жиналыстар өткізді.  Жыл бойы кураторлар мен кафедра меңгерушісі жатақханада тұратын студенттермен кездесулер, сұхбат, кезекшілік ұйымдастырды, Кафедра студенттері қалалық, университеттік, кафедралық іс-шараларға белсенді қатысады.