Рүстем Есімханұлы Қайдаров атындағы криминалистикалық кабинет А-544
Әділет генерал-майоры, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан ІІМ құрметті ардагері. Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі. Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі, профессор, «Генералдар кеңесі» РҚБ Төралқа төрағасы. Халықаралық Экологиялық Палатаның құрметті профессоры.
1940 жылы 18 мамырда Семей облысы (қазіргі Абай облысы) Бесқарағай ауданы Сосновка ауылында дүниеге келген.
1970 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ заң факультетін бітірген.
1964-1966 жылдары Семей облысы №197 кәсіптік-техникалық училище директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
1966-1976 жылдары тергеуші, аға тергеуші, Семей қаласының милиция басқармасы басшысының орынбасары, Киров АІІБ басшысы, Семей облысы ІІБ тергеу бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
1976-1985 жылдары Семей облыстық партия комитетінің және Қазақстан КП ОК нұсқаушысы, Семей облыстық атқару комитеті ІІБ басшысының бірінші орынбасары.
1985-1992 жылдары Жезқазған облыстық атқару комитетінің ІІБ басшысы, Қазақ және Қырғыз КСР бойынша ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі КСРО ІІМ өңіраралық басқармасының басшысы.
1992-1995 жылдары ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
1995-1996 жылдары ҚР Мемлекеттік Тергеу комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
1996-1999 жылдары КазМЗУ криминалистика және сот сараптамалары кафедрасының меңгерушісі, Ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және контрабандаға қарсы күресті насихаттау қорының президенті болды.
1999-2010 жылдары «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ президенті, басқарма төрағасы.
2001 жылдан бастап «Генералдар кеңесі» Республикалық қоғамдық бірлестігін басқарды.
20-дан астам ғылыми мақалалар мен оқу құралдарының авторы. Қазақ КСР қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсініктеме берген авторлардың бірі. ТМД Парламентаралық Ассамблеясында (Санкт-Петербург қ.) бірқатар модельдік кодекстерді әзірлеу бойынша ҚР Парламентінің жұмыс тобының құрамына кірді. Есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері жөніндегі БҰҰ Комиссиясының 39-шы сессиясында ҚР Үкіметтік делегациясын басқарды (Вена қ., Австрия. 1996).
Минск конвенциясын әзірлеу жөніндегі ҚР делегациясының басшысы болды. «Біртұтас ақпараттық кеңістік туралы» ҚР Заңы авторларының бірі.
«Парасат» (ҚР), «Звезда Содружества», «За заслуги», «За благородство помыслов и дел» (РФ) ордендерімен, КСРО, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Белорусь пен Украинаның 30-дан астам медальдарымен марапатталған.
Тел: 8 (7182) 67-36-85 (іш. 11-68)
przhetpisov_serik@mail.ru
avoved-2021@mail.ru