Жаңа қызметкерді ұжымға қалай бейімдеу керек, оның жергілікті мәдени және кәсіби құндылықтарды түсінуі үшін не істеу керек? Бұл туралы HR-қызметі ұйымдастырған «Онбординг» семинарда айтылды.

Пайдалы тәжірибелер мен кейстерді негізгі құрылымдардың сарапшылары ұсынды. Қызметтік нұсқамалардың регламенті, құжаттарамы ресімдеу ережелері, білім беру порталымен жұмыс, миссия, университет құрылымының жұмысы, этика, қауіпсіздікті сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы айтылды.

HR-қызметтің директоры Анар Жәкішеваның айтуынша, табысты онбординг қызметкерлерді ұстау мен жұмыс тиімділігін арттыру көрсеткішін арттырады.

«Пандемия жұмыстың гибридті форматы өзгеше екенін көрсетті. Біз цифрлық әдістерді енгізудеміз. Бұл семинарда үздік әдістер мен тәжірибелер туралы айтуға тырыстық. Олардың барлығы қызметкерлерді аралас жұмыс форматына бейімделу үшін қолданылады», - деп атап өтті Анар Еркенқызы.