С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқытушылар, магистранттар және студенттер үшін «Жеке өсу және көшбасшылық» атты коучинг-тренинг өтті.

Айтулы тренингті Британ Кеңесінің сертификатталған тренері Айдар Абраев жүргізді. 

Айдар Абраевтың айтуынша, коучинг – өмірлік немесе кәсібіи мақсаттарға жету мақсатында консалтинг яки тренинг арқылы оқыту әдісі. 

Белгілі семинар жеке және кәсіби негіздерін дамытуды көздейді. Бұл сабақта қатысушылар коучинг-тренингтің белгілі құралдары мен әдістерімен танысты. Семинар барысында оқытушылар, магистранттар және студенттер нақты мысалдар арқылы кәсіби қабілеттерін шыңдады. 

Коучинг семинар-тренингке қатысушылардың жеке әрі кәсіби өсуі  үшін, сондай-ақ, өмір сапасының артуы үшін жасырын қабілеттерінің ашылыуына, оны жүзеге асыру мақсатын көздеді. 

– Сабақ достық қарым-қатынаста әрі көңілді өтті. Коучинг сессия қатысушылардың жеке және кәсіби қабілеттерінің ашылуына себепші болуда. Олардан өз-өзіне деген сенімділік, кәсіби машықтың арта түскені  байқалады. Ендігі бұл қабілет-қарымдары нәтижелі еңбекке бағытталатынына сенімдімін, – деді «Болашақ» қауымдастығының мүшесі Айдар Абраев. 

Мұнымен қоса, тренинг барысында Айдар Абраев өзі тәмамдаған халықаралық Эриксон университетінің жұмысы туралы баяндап берді. Бұл оқу орнының оқыту бағдарламалары нәтижеге бағытталған жүйелі ойлау әдісі, технологиялар, психолингвистика және басқару саласындағы тың зерттеулерге бағытталған.