С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қабырғасында «ЭКСПО-2017» волонтерларды даярлау орталығында «Астана – ЭКСПО-2017» атты тақырыбында қазақ және ағылшын тілдерінде дәрістер өтті.

Дәріске қатысушылар өздерінің Астана қаласында өткен көрме кезінде волонтерлік кәсібінің міндеттері жайында қажетті мәліметтерімен бөлісті. Дәріс барысында делегациялармен өткізілетін жұмыс, көрме және қала нысандары бойынша экскурсия өткізу, әлем халықтарының Мәдениет күнін ұйымдастыруы туралы айтылды.

Ағылшын тілінің оқытушысы Оғызбаев Аслан Ермекұлы студенттерге ағылшын тілін оқу қажеттілігін айта келіп, ағылшын тілі әлем бойынша қолданылу ауқымы кең тілдердің бірі екенін атап өтті. «Ағылшын тілі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатын елдердің ұлтаралық және мәдениетаралық арақатынасының көпірі іспетті. Бұл тілдің қолданылуы - бұл қарым-қатынас жасаудағы ең тиімді де жеңіл тәсілдердің бірі деп айтуға болады»,-деп өз ойын білдірді.

Сонымен қатар дәріс тындаушылардың ағылшын тілі бойынша білімдерін жақсарту мақсатында тимбилдинг ұйымдастырылды. Тимбилдинг барысында волонтерлар командадағы икем-дағдыларын, ұжыммен бірге шешім қабылдап қана қоймай, олардың тәсілдерін және жолдарын көрсете білді. Қатысушылар тек қана өздерінің тілдік дайындықтарын ғана емес, сонымен бірге спорттық дайындықтарын тоғыз кезеңнен тұратын ойын барысында да көрсете білді. Әрбір команданың алдына ең жоғары ұпай алуға мақсат қойылды. Ауа-райының бұзылуына қарамастан біздің волонтерларымыз барлық кезеңдерден өтіп, нәтижесінде ең үздік команда ретінде физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері атанды.