«Бірлік» студенттік Ассамблеясының бастамасымен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қазақстандық патриотизмнің қалыптасуындағы этностық БАҚ газеттерінің рөлі» тақырыбында этностық БАҚ-тың презентациясы өтті.

«Бірлік» студенттік Ассамблеясы төрағасы Рамиль Смаиловтың айтуынша, шараның басты мақсаты – республикамыздағы ұлттық-мәдени орталықтар газеттерінің жұмыстары жайлы таныстыру, сонымен қатар Қазақстан Халқы Ассамблеясының идеяларын насихаттау.

Презентацияға университеттің жастар бірлестіктері мен ПМУ-дың журналистика кафедрасының студенттері қатысты.

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., доцент Гүлфайруз Жапекова БАҚ-тың қазіргі қоғамдағы ықпалы жайлы айтып берді. «Қазақстанда тұрып жатқан әрбір ұлттың өзіндік бай тарихы бар, сол себепті де осы көпұлтты мемлекетіміздің ерекшелігін сақтап, қолдауымыз қажет. Бұны әсіресе қарапайым халық күнделікті сезгені жөн».

С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Қазақстан халқы кітапханасы» оқу залының меңгерушісі Елена Лиханова өз сөзінде қатысушыларға ұлттық-мәдени орталықтар газеттерінің қалыптасуы мен даму тарихы жайлы айтып, әр алуандылық түрлі этностық- мәдени топтар арасында толерантты қарым-қатынастың дамуына ықпал етеді.

Үлгі ретінде студенттерге республикамыздағы татар, армян, өзбек, күрт, украин, азербайжан және басқа да этномәдени бірлестіктердің газеттері ұсынылды.

Шара соңында қатысушылар Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этнос өкілдері өздерін жайлы сезінулері үшін көпұлттылық пен көптілділікті қолдап және насихаттау қажет екен деген қорытындыға келді.