2015 жылдың 31 наурыз күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Қазақстан Республикасы Президентін сайлауды қолдады.

С.Торайғыров атындағы ПМУ белсенді студенттері Қазақстан халқы Ассамблеясының Президент сайлауына қатысты бастамасын қолдайтыны жайында форумда жария еткен болатын.

Суретші, облыстық қоғамдық штаб мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өкілі Александр Колодин форумды ашып, жастарға еліміздегі бейбітшілік пен бірлікті бағалауға шақырды. «Әсіресе, әлемдік дағдарыс кезінде республикадағы ұлттар мен ұлыстар арасындағы келісім тұрақтылық пен ынтымақтастықтың кепілі бола алады», – деді Александр Колодин.

Павлодар қалалық маслихатының депутаты, қалалық қоғамдық штабының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың өкілі Арман Ешмұратов жиналғандар алдында Президент Н.Ә. Назарбаев жүзеге асырған экономикалық үлгі әлемдік дағдарыс кезеңінде ең тиімді және тұрақты болғанын атап өтті. «Ал бүгінгі жағдайда президенттік сайлау Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақты дамуына ықпал ететіні сөзсіз», – деп мәлімдеді Арман Қанатұлы.

С.Торайғыров атындағы ПМУ жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Ақбота Сарыбай Қазақстанның жарқын болашағын құру – барша қазақстандықтардың ісі екеніне баса назар аударып, Елбасының жария еткен идеялары жастарды заңғар асуларды бағындыруларына себеп болатынын қадап айтты.

Павлодар мемлекеттік университетінің Тур-202 тобының студенті Юлия Тарасова бүтіндей ел тағдырына қатысты президенттік сайлауға елінің патриоты, жанашыр азаматы ретінде студенттік жастарды жұмыла қатысуға шақырды.

Форум барысында С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері өздерін мазалап жүрген әлеуметтік маңызды сұрақтарына облыстық қоғамдық штаб мүшелерінен жауап алды.

Руфина Торпищеваның фотосы