С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Еңбек күнін тойлау шеңберінде еңбек құндылығын дәріптейтін және факультеттердің еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетуді мақсат тұтқан дөңгелек үстел жұмыстары өтті.

Шара студенттерді кәсіби даярлау бойынша аға буын мамандарының тәжірибесімен бөлісу, пікір алмасу, бейресми жағдайда кафедра мүшелері мен студенттер арасында ашық әңгіме орнатуды мақсат тұтты.

2014 жылдың 25 қыркүйегінде Павлодар мемлекеттік университетінің агротехнологиялық факультетінде а-ш.ғ.к., «Агротехнология» кафедрасының прфессоры Болатжан Мұстафаевқа, а-ш.ғ.к., «Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасының профессоры Сағдат Стамбековаға, б.ғд., «Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасның профессоры Мағаш Аятханға ізін қуып келе жатқан әріптестері мен студент шәкірттері құрмет-сый көрсетті. Сондай-ақ студенттер мен магистранттар «Агротехнология» кафедрасының аға оқытушысы Сергей Большинскиді, Қамар Садықовты, «Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасының аға оқытушысы Бибіғайым Құсанованы да құрметке бөледі.

С.Торайғыров атындағы ПМУ метеллургия, машинажасау және көлік факультетінде жас буын өкілдерімен «Көліктік техника және логистика» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Абылхан Қаракаев кездесіп, өзінің еңбек жолындағы қызықты сәттері мен келелі кеңенстерін студенттер мен магистранттардан аянып қалмады.

2014 жылдың 25 қыркүйегінде Еңбек күнін мерекелеу аясында «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының студенттері, магистранттары мен оқытушылары арасында «Еңбек пен кәсібилік – заманауи қоғамның құндылығы» атты дөңгелек үстел жұмыс жасады.

Дөңгелек үстел жұмысына С.Торайғыров атындағы ПМУ философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының студенттері, магистранттары мен оқытушылары қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Гауһар Ахметова бастап, студенттерге «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпы Ортақ Еңбек қоғамына 20 қадам» бағдарламасының басымдықтары туралы баяндап берді. Гауһар Ғалымқызы өз баяндамасында бағдарламаның бағыттары мен оның іске асу жолдары, мемлекеттік бағдарламаларға сай кафедраның студенттері мен магистранттары үшін мемлекеттік мүмкіндіктер турасында әңгіме өрбітті.

Кездесуде с.ғ.к., кафедра доценті Мейрамгүл Алтыбасарованың «Заманауи саясаткердің кәсіби портреті», филос.ғ.к., кафедра доценті Майра Қожамжарованың «Заманауи қоғамдағы кәсіби мәдениет», кафедраның аға оқытушысы Тамара Билльдің «Жастар арасындағы салауатты өмір салтының мәселелері» тақырыптарын арқау еткен баяндамалар оқылды.

Кездесу соңында дөңгелек үстел жұмысына қатысушылардың өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасуына мүмкіндік туды. Аталмыш кафедраның аға оқытушысы Ертіс Ержанов жастарды тәрбиелеудегі маңызды қадамдарға тоқталып өтті. «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 курс магистранты Дархан Шуренов жас мамандардың заман жаңалығына тез бой үйретіп, көптеген жетістіктерге ие болғаны туралы деректермен қанық етті.

Шара соңында дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы шығарылды. Ал студенттер кездесуден кейін кәсіби біліктіліктің іргетасы студенттік жылдарда қаланатынын нық түсінгені анық.

Руфина Торпищеваның фотосы