С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапханасында Күміс дәуірдің бірегей ақындарының бірі Анна Ахматованың 135 жылдығына орай «Шабыт» кітап сүйерлер клубының отырысы өтті.

Анна Ахматова – өмірдің ащы дәмін тата жүріп, өмірін жүрегінен шыққан жырымен әрлеп, өлеңге деген құштарлық жалынын сөндірмей келген ақын. Оның жалынды жырлары талай ұрпақтардың жүрек үндерімен үндесіп келеді.

Импровизациялық әдеби кеште Евтерпа – поэзия музасы (Жұмахан Жамилә, Агр-302 тобы), Мельпомена – трагедия музасы (Ишімова Гүлжан, РЭиТ-302 тобы), Клио – тарих музасы (Пазылова Айдана, РЭиТ-302 тобы), жанкүйер мен замандас өз өнерлерін көрсетті. Өнерпаздар Ахматованың шығармашылығы мен оның өмірінің әр сәттеріндегі өлеңдерін бейнеледі.

Кеш барысында Анна Ахматованың өлеңдеріне арналған «Стихов моих белая стая» атты байқау өтті. Байқауда махаббат жырлары төгілді.

Байқау нәтижесі бойынша Жұмахан Жамилә (Агр-302 тобы), Полякова Мария (Фил (р)-402 тобы), Ишімова Гүлжан (Агр-302 тобы) жеңімпаз атанды. Ал қалған қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша студенттердің Анна Ахматованың тұлғасы мен трагедиялық тағдырына деген қызығушылығы артып келеді. Оған ақынның өз сөзі дәлел бола алады: «Жер бетінде мұң мен мәңгілік ғұмырлы да мәртебелі сөзден берік не бар».