2014 жылдың 12 қыркүйек күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің бас оқу ғимаратының алдында салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында «Денсаулық – зор байлық» атты флешмоб өтті.

Айтулы шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізне сәйкес, студенттердің мәдениетін дамытуға және тәлім-тәрбиесін күшейтуге сонымен қатар, жастармен студенттердің бос уақытын тйімді әрі ұтымды ұйымдастыру.

Флешмобтың өтуіне Павлодар мемлекеттік университетінің Иса Байзақов атындағы студенттік филармония.

Салауатты өмір сүру салты – аурудың алдын алу және тәннің саулығын арттыруға бағытталған адамның өмір сүру үлгісі. Әрбір адам үшін денсаулық – зор байлық. Дені сау болу – үлкен бақыт, ал салауатты өмір салтын ұстану – ғанибет. Сондықтан, С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері, профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері әрқашанда салауатты өмір салтын ұстануды таңдайды.

Салауатты өмірді насихаттаған қоғамдық биге С.Торайғыров атындағы ПМУ студенттері, профессорлық-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлері қатысты. Флешмоб биін дайындап, көпшілік қауымға сахналаған С.Торайғыров атындағы ПМУ Студенттік филармониясының «Fantasy» флеш-моб тобы.