2014 жылдың 11 шілде күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде магистратураны тәмамдаған түлектер диплом алды.

Салтанатты іс-шара факультеттер декандары, кафедра меңгерушілері және профессорлық-оқытушылар құрамы қатысқан. Олар жаңа бітірген магистрлерді шын жүректен құттықтап, ПМУ магистратурасы ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқару кадрлары бойынша кәсіби тереңдетілген дайындық ұсынады деп мәлімдеді.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті үш сатылы – бакалавриат, магистратура PhD докторантурасы – білім беру жүйесімен қамтамасыз етілген.

Биыл С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін 168 магистр 46 мамандық бойынша бітірген.