2014 жылдың 16 мамыр күні С.Торайғыров ат. ПМУ студенттері Альфред Блик пен Сергей Михаловскиймен кездесті.

Астаналық ғалымдардың С.Торайғыров атындағы ПМУ-ға қонақ болуларының басты мақсаты – еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ, Назарбаев университетінің академиялық бағдарламалары туралы ақпараттар тарату.

Шараға металлургия, машина жасау және көлік факультетінің деканы, т.ғ.к., профессор Төлеуғазы Тоқтағанов, энергетикалық факультеттің деканы, т.ғ.к., профессор Александр Кислов, физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, ф-м.ғ.к., Нұрлыбек Испулов, профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

Альфред Блик студенттер мен магистранттарға бүгінгі күндегі Назарбаев университетінде жаңа қолға алынып, жасалып жатқан магистратура және доктарантуралық бағдарламалар туралы баяндап берді.

Кездесу барысында Назарбаев университетіне оқуға қабылдану, оқу мерзімі, байқау ережесі және оқу барысындағы жатын орын жайында сөз қозғалды. Жиылғандар Назарбаев университетіндегі оқу жүйесі турасында толық ақпарат алды. Сонымен бірге, құрметті қонақтар студенттердің Назарбаев университетінің қабылдау емтиханының ерекшеліктері туралы қызықтырған сұрақтарына жауап берді.