С. Торайғыров ат. ПМУ-да өзекті тақырыпты арқау еткен «Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі оқиғаларды сауатты жариялау» атты республикалық семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты – жас журналистердің адам құқығы негіздері мен сөз бостандығын қорғау механизмдерін үйрету, мақала жариялау мен репортаж жасауға машықтану, ҚР БАҚ-тағы адам құқығы мен сот мәселелеріне жұртшылықтың көңілін аудару.

С.Торайғыров атындағы ПМУ журналистика кафедрасының студенттері мен магистранттары үшін «Құқықтық медиаорталық» Қоғамдық қоры жетекшісі Диана Окремова мен медиа-заңгер Гүлмира Бержанова баяндама оқыды.

Журналистика кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Жанарқа Ибраеваның айтуынша осы сынды шаралардың университет қабырғасында өтуі БАҚ саласындағы болашақ мамандардың мол тәжірибе алмасуы мен кәсіби біліктілігін арттыруына септігін тигізеді. «Семинар барысындағы алған білім біздің студенттердің біліктілігін арттырып қана қоймай, болашақта кәсіби тәжірибесінде де қолданатынына сенімдімін», - деп мәлімдеді.