С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің  концерттік залында «Student talents» байқауының ақтық мәресі өтті.

Қатысушылардың дайындықтары өте жоғары деңгейде екенін дайындықтарда көрсете алды. Аталмыш шараның ақтық мәресі қызықты және тартымды өткеніне ұйымдастырушылар сенім білдірді.

Жыл сайынғы өтетін «Student talents» байқауының бірінші кезеңі С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың концерттік залында өтті. Оған 29 үміткер қатысты. Соның ішінде ең ерекше көзге түскен, талантты, өнерлі деген 14 қатысушыны әділ – қазылар алқасы іріктеп алып, келесі турға өткізді.
Екінші кезеңі С. Торайғыров атындағы ПМУ концерттік залында өтілді. Бұл күні қатысушылар өздерін басқа қырынан көрсетті, әділ – қазылар алқасын, көрермендерді таңқалдырды. Осы кезеңде ақтық мәреге 7 қатысушы іріктелініп алынды. Газиев Элданиз және Зарипов Эльдар, Егімбаева Қызғалдақ, Қайыржан Рымгүл және Қапкен Айдана, Қабдрашитов Арсен, «Jam» би тобы, Ташекенов Олжас, Тлеулин Мұхаметжан, Шукулов Амирхан, Рашид Алишер. Осы финалисттерді демеушілеріміз Лазертаг ПОЛИГОН-S клубы өздерінің алаңына шақырып, ойын ұйымдастырды. Финалисттеріміз уақыттарын қызықты, әрі ұтымды өткізді.

Сайыстың бас жүлдесін (50000т) «Jam» би тобы ұтып шықты, «Көрермен көзайымы» (10 000т) номинациясы бойынша Рашид Әлишер жеңімпаз болып атанды; «Ару-Ай» триосы «Интернет-талант» (10 000т) номинациясымен марапатталды. Ақшалай сыйлықтар демеушілік қорынан жасалған.

Барлық сайыскерлер сертификаттарға және қаржылай  сыйлықтарға (10 000т) ие болды. Бас демеушінің сыйлығын (15 000т) Әмірхан Шұқылов алды.