Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің 2014 жылғы 21 ақпандағы шешімі бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 15 бағдарламасы мамандандырылған аккредиттеуден өтті деген куәлік алды.

Білім ордамыздың халықаралық кеңестікте өз орнын алуы – Болондық үрдісті жүзеге асыру аясындағы университет дамуының маңызды стратегиялық аспектісі болып табылады. Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу – оқу бағдарламаларын дамыту жолындағы басты тетік. Сонымен қатар, ЖОО-ның аккредиттеуі қазақстандық жоғары мектептің маңызы зор инновациялық құралы болып, нақты ЖОО-ның білім беру сапасының объективтік көрінісі болып тұр.

Павлодар мемлекеттік университеті ректоры э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаевтың айтуынша аккредитациялық ұлттық жүйе бойынша  жоғары мектептің бағалануы оқу орны үшін өте маңызды. «Сапалы білім берудің көпдеңгейлі бағалау жүйесінің трендінің бірі Болондық білім беру процесі екені сөзсіз. Аккредитациялық қызмет арқылы шетелдік тәжірибе қазақстандық білім беру жүйесінде қолданылады. Бұл халықаралық білім беру кеңістігін біріктірудің маңызды кілті болып табылады», – деді Серік Мәуленұлы.