С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Металлургия, машинажасау және көлік факультеті Металлургия кафедрасының аға оқытушысы Кенбеилова Салтанат Жапасбайқызы Phd докторы атанды.

Кенбеилова Салтанат Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық технологиялық университетінде «Мұнайхимия» мамандығы бойынша докторантураның күндізгі бөлімін тәмамдады.

2013 жылдың желтоқсанында «Радиационно и химически функционализированный атактический полипропилен для модификации битума» атты тақырыпты арқау еткен диссертациялық ғылыми жұмысын қорғап шықты. Диссертация жаңашылдығы жаңа химиялық функцияландырылған атактикалық полипропиленнің және радиационндық-модифицияланған сополимерлердің қарапайым винилді эфирлерін өңдеу, реологиялық әрі эксплуатациялық мінездемеге сәйкес жол битумдарының мұнай модификациясы мен физика-математикалық  есеп бойынша полимерлік-битумды жасау болып табылады.

Жол құрылысы еліміздің экономикалық дамуына ықпал ететін салалардың бірі. Сондықтан, бүгінгі күндегі жол магистральдарының сапасы өзекті мәселе екені даусыз.

Салтанат Жапасбайқызы өз сөзінде: «Соңғы күндердегі көлік жолдарында да көліктік жүктеменің артуы, техногендік ықпалдың өскені, және де ауаны ластайтын қышқылдардың артқандығы белгілі. Міне, осы факторлардың бәрі де жол қабатының тез бұзылуына әкеліп соқтырады», - деп жұмысының өзектілігінің мәнін аша түсті.  

Соңғы күндері асфальтбетон қабатты жол салу үшін битумның әртүрлі сорттарын пайдаланады. С. Торайғыров атындағы ПМУ ғалымының зерттеу нысанына алған жұмысы автожол салу саласына қажетті битумның сапасын арттырудың тиімді жолдарын ұсынады. Бұл зерттеу еңбегі тек жол сапасын арттыруды ғана емес, экономикалық үнемділікті  де мақсат еткен.

Павлодар мемлекеттік университетінің Phd докторы Кенбеилова Салтанат Жапасбайқызының аталмыш жұмысы 2014 жылдың ақпан айында ҚР Білім және ғылым Министрлігінде бекітілді.