2014 жылдың 28 ақпанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде қала мектептерінің оқушылары болашақ түлектерге арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Университеттің «Ашық есік күніне» Павлодар қаласының 38 мектептеріндегі 528 оқушылар, ата-аналары, мектептердің ұстаздары қатысқан.

Іс-шараны ашқан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқу жұмыстары жөніндегі проректоры, п.ғ.д., проректор Нелли Пфейфер болашақ жас түлектерге кеңес бере отырып, мамандық таңдау адам өміріндегі ең маңызды сәт екенін ескере кетті. «Қоғам мен мемлекеттің басты талабы – университеттің жас түлегі бәсекеге қабілетті, табысты әрі білікті маман болуы шарт», – деді проректор сөзін қортындылай келе.

«Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент Айжан Кудерина болашақ жас түлектерді алдағы университетке оқуға түсудің басты мәселелермен таныстырып өтті.

Шара барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың басты трендін айқындап берген бейнефильмді жиналған оқушылар назарына ұсынды.

Мектеп оқушылар үшін оқу орынының студенттік филармониясының дарындарының концерттік бағдарламасы көзайым болды.

Аталмыш кездесу барысында білім шаңырағының спорт залында оқушыларға ЖОО-ның мамандықтары мен университет түлектерінің жұмыспен қамтылуы туралы ақпараттар беріліп, кеңес ұсынылды.